Екібастұзда есірткіні балконда сақтаған ер адам ұсталды
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, учаскелік полиция инспекторы «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында М.Әуезов көшесіндегі пәтерлердің бірінде есірткіні заңсыз сақтау және пайдалану фактісін анықтады.
– Анықталғандай, ер адам балконда есірткі заттарын сақтаған. Тәртіп сақшылары тәркіленген дәлелдемелер – шыны литрлік және сұр-жасыл түсті заттары бар арнайы иісі бар пластикалық банканы сараптамаға жіберді. Медициналық куәландыру сараптамаға сәйкес, ер адам алкоголь мен каннабиноидтардан мас күйінде болды, – деді департаментте.
Есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарын тарату мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.