Екібастұзда көшелердің бірі жабылады

Екібастұзда көшелердің бірі жабылады
Фото: Константин Шелков

Бұған себеп – жылу құбырын тарту жұмыстары, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз қаласы әкімдігі тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мәліметінше, Энергетиктер көшесіндегі жол жылу құбырын тарту жұмыстары жүргізіледі.

– Энергетиктер көшесіндегі жолдың Торайғыров - Степнаяға көшесіне дейінгі бөлігі 10 қазаннан 15 қарашаға дейін жабылмақ. Осыған орай, N6 автобус бағыты Энергетиктер-Қостанай-Королев-Мәметова-Энергетиктер көшелерімен жүретін болады, – дейді бөлімде.

Еске сала кетейік, Павлодар қаласындағы Қамзин көшесінен Российская көшесіне дейінгі Салтыков-Щедрин көшесіне орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты 7-8 қазан күндері жолдың аталған учаскесі жабылған болатын.