Екібастұзда полицейлер әлеужелі арқылы велосипедтің иесін анықтады

Екібастұзда полицейлер әлеужелі арқылы велосипедтің иесін анықтады
Фото: Павлодар облыстық ПД

Қала тұрғыны тәртіп сақшыларына табылған велосипед үшін алғыс айтты, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, учаскелік полиция инспекторлары қаланы патрульдеу барысында түнгі сағат 02.00 шамасында Беркімбаев көшесі, 182 үй ауласында балалар алаңында қараусыз қалған «Battle» маркалы велосипедті  анықтаған. 

Велосипедтің иесін анықтау үшін Instagram әлеуметтік желісіндегі @up.ekibastuz парақшасында ақпарат жарияланды.

Иесі фотосуреттен велосипедін танып, көрсетілген байланыс телефон нөмірлеріне қоңырау шалған. Олар велосипедтің құжаттарын көрсетіп, учаскелік полиция пунктіне жүгінді. Кәмелетке толмаған інісі велосипедті ойын алаңында қалдырып кеткені анықталды.