Туристер қыста Баянауылда не істей алады

Туристер қыста Баянауылда не істей алады
Фото: Константин Шелков

Мұнда 600-ге дейін демалушыны қабылдауға болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, курорттық аймақта «Березовая роща», «Аңыз LAND», «Золотые пески», «Жасыбай резорт», «Ivy Village», «Березка», «Сабындыкөл плаза», «Ақ ниет» және «Жан» барлығы 584 орындық жеті демалыс үйі мен екі қонақүй бар.

– Баянауыл курорттық аймағында жыл бойы жұмыс істейтін режимді дамыту мақсатында Мырзашоқы тауының етегінде тау шаңғысы курорты салынды. Шаңғы трассасының жоғарғы және төменгі беткейлерінде кафе ашылған. «Мырзашоқы» тау шаңғысы курортында ұзындығы 960 метрді құрайтын 62 орындық аспалы жол бар, - деп жауап берді басшылық.

Тау шаңғысы курортының төменгі және жоғарғы станцияларында жылытылатын алаңдары мен азық-түлік станциялары бар. 44 шаңғы, 20 сноуборд, он балалар шана және 30 қар тюбингісін жалға алуға болады. Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес желдің жылдамдығы артқан кезде аспалы жолды секундына 15 метр жылдамдықпен жүргізуге тыйым салынады. Сондай-ақ туристерді Баянауыл ауылынан «Мырзашоқы» тау шаңғысы курортына апару жүзеге асырылады.

Баянауылға жыл сайын 200 мыңнан астам турист келеді. Дәстүрлі түрде туристердің басым бөлігі Жасыбай көліне барады. Өңір басшылығы демалушылар санының артуы су бетін жарамсыз етеді деп қауіптенеді.

Жасыбайдағы рекреациялық ауыртпашылықты азайту мақсатында Сабындыкөл көлінің айналасындағы демалыс аймағын абаттандыру жоспарлануда. Көлдің жағасында жағажай пайда болады. Сонымен қатар, көл маңында шолу алаңы бар визит орталығы салынады.