Екібастұзда жеке тұрғын үйдегі өрт кезінде үш адам құтқарылды
Өкінішке орай, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 қаңтар күні сағат 20:38-де Екібастұз қаласында жеке тұрғын үйде өрт шықты.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел жетіп, үйдің шатырындағы ағаш құрылымдар, жиһаздар мен тұрмыстық заттарды шарпыған өртті сөндіруге кірісті.
Өртті сөндіру барысында үш әйел құтқарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Сондай-ақ 1984 жылы туған ер адамның мәйіті табылды.
Тілсіз жау сағат 21:37-де толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Полиция мәліметінше, аталған үйде әлеуметтік жағдайы төмен отбасы тұрған.