Екібастұз ЖЭО қазандықтары аязға төтеп бере алады
Бүгінде 15-ші қазандық жөндеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс әкімі Асайын Байханов Екібастұз қаласына жұмыс сапарымен келді. Ол балалар шығармашылық сарайының құрылысымен танысып, ЖЭО-ны аралап шықты. Өткен жылу беру маусымы талқыланып, келесі кезеңге жоспарлар белгіленді.
– Екібастұзда 2023-2024 жылғы жылыту кезеңі жоспарланған режимде өтті. Іске қосудан кейін шағымдар болған жоқ. Жабдық тұрақты, штаттық режимде жұмыс істеді, – деді «Павлодарэнерго» АҚ-ның бас директоры Олег Щемель.
Аймақ басшысымен өткен жылыту маусымы талқыланып, келесі кезеңге жоспарлар белгіленді.
– Жылу берілгенде температуралық режимінің тиісті деңгейде болмау себебінен бірқатар шағымдар түскен еді. Алайда станцияда ірі тоқтатулар болған жоқ. Қаңтар айындағы ең қатты деген аяздарды жақсы еңсердік, – деп атап өтті Асайын Байханов.
Олег Щемельдің айтуынша, бүгінде су жылыту цехында 15-ші қазандық күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бес сорғы ауыстырылады. Бұл жұмыстар келесі жылыту маусымы еш қиындықсыз, сенімді өтуге кепіл береді. Оған қоса тазартылған су құбыры салынуда.
– Былтыр қалған қазандықтар жөндеуден өткен болатын. Енді 15-ші қазандықты қалпына келтіру қалды. Таяу шет елдерден бөлшектерге тапсырыс береміз. Мердігерлер тапсырысты уақытылы, тез пысықтау керек, – деді облыс әкімі.
Асайын Байхановтың сөзінше, Екібастұзда су жылытатын үш қазандық жұмыс істесе, тағы біреуі резервте қалады. Аймақ басшысы әкімдік пен станция басшылығына 15-ші су жылыту қазандығының күрделі жөндеу жұмыстарын жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.