Екібастұзда жол апатына түскен балалар саны екі есе артты

Екібастұзда жол апатына түскен балалар саны екі есе артты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Балалар қауіпсіздік ережелерін елемей, зардап шегуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

2024 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша Екібастұз қалалық ауруханасына 4408 бала түрлі жарақатпен жүгінді, оның ішінде 210 бала ауруханаға жатқызылды. Жарақаттардың көбі жол-көлік оқиғасында орын алғаны белгілі болды. 

– Мысалы, биыл 54 жағдай орын алса, былтыр жол-көлік апатына түскен бала саны 30 болды. Яғни, екі есе артқанын байқаймыз. Зардап шеккен балалар санының өсімі скутер, мопед жүргізуімен байланысты болып отыр. Балаларда қорғаныс киімінің болмауынан және ата-аналардың олармен  уақытылы әңгіме жүргізбеу салдарынан жарақаттар шығады, – деді Екібастұз қалалық ауруханасы басшысының орынбасары Светлана Подзорова.

Мысалы, 14 жастағы бала мопед мініп, итпен соқтығысты. Салдарынан көлік құралынан аударылып, басынан ауыр жарақат алды. Ол жансақтау бөлімшесінен шыққаннан кейін екі аптадай ауруханада жатты. Бүгінде жасөспірім жазылып кетті. Басқа жағдайда скутерден қатты құлаған 18 жастағы бала ашық ауыр бастың жарақатымен, шайқалуымен төрт тәуліктей жансақтау бөлімшесінде болған. Оңалтудан өткен соң бала жазылды. 

– Осындай жарақаттар өте қауіпті. Уақыт өте келе салдары көрінуі мүмкін – бас ауруы, ұстамалар, психикалық бұзылыстар, – деді Светлана Подзорова.

Айта кетейік, Екібастұз қалалық ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде 10 төсек-орын бар.