Павлодар облысының әкімі өңірдің дамуына үлес қосып жүрген жандарға алғыс айтты

Павлодар облысының әкімі өңірдің дамуына үлес қосып жүрген жандарға  алғыс айтты

Аймақ басшысы Асайын Байханов құттықтау хатын Іnstagram әлеуметтік парақшасында жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

– Бүгін, Алғыс айту күні, шағын әрі ауқымды еңбекпен ерлік жасап, күн сайын еліміз бен өңіріміздің дамуына үлес қосып жүрген жандардың барлығына алғысымды айтамын, – деп жазды облыс әкімі.

Сондай-ақ ол екібастұздықтарды, төтенше жағдай салдарын жоюға көмектескен және апаттың алғашқы күндерінен бастап «алдыңғы қатарда» болған жандарды ерекше атап өтті. 

Қиын жағдайда батырлар - жұмысшылар, дәнекерлеушілер, сантехниктер және бей-жай қарамаған тұрғындар кеншілер қаласының жылумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіруге бір адамдай атсалысты. Бірлік пен адал еңбектеріңіз және бір-біріңізге деген қамқорлықтарыңыз үшін рахмет! Бұл мереке алдағы уақытта да сізбен біздің иық тіресіп қолдауға, көмектесуге дайын екенімізді бейнелейтін болады, – деп Асайын Байханов денсаулық, амандық, табыс тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 14 қаңтардан бастап елімізде 1 наурыз - Алғыс айту күні деп жарияланған.