5 мамырда Павлодар облысында күн жылы болады
Күндіз ауа температурасы ...+28°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +7...+12°C, жауын-шашынсыз. Күндіз +23...+28°C дейін жылы болады. Облыстың солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі.
Желдің жылдамдығы секундына 7–12 метрге жетеді.
Ал Павлодарда түнде +10...+12°C. Күндіз +25...+27°C дейін жылы болады. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.