Павлодарда «Халық бухгалтері» акциясы сәуір айында жалғасын табады

Павлодарда «Халық бухгалтері» акциясы сәуір айында  жалғасын табады
Фото: Константин Шелков

Акция тоқсаннан астам күнге созылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің айтуынша, кеңестер аптасына екі рет – сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін офлайн форматта өтеді. Қабылдау мемлекеттік кірістер басқармаларының базасында жүргізіледі.

Кеңес беруге «Қазақстан бухгалтерлер және бухгалтерлік ұйымдар одағы» кәсіби ұйымының мүшелері және Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларындағы мемлекеттік кірістер басқармаларының мамандары қатысады.

Акцияның мақсаты – азаматтардың салық саласындағы сауаттылығын арттыру және жаңа Салық кодексі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

– Тұрғындарды ең көп қызықтыратын сұрақтар – салық режимін таңдау, ҚҚС бойынша тіркеу, салық жеңілдіктері мен шегерімдер, электрондық шот-фактуралар және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың қызмет түрлері, – деді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, жалпы акция барысында шамамен 10 600 сұрақ келіп түсті.