Павлодарлықтар ауыл өнімдерін арзан бағамен сатып ала алады

Павлодарлықтар ауыл өнімдерін арзан бағамен сатып ала алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жәрмеңкеге аудандардың тауар өндірушілері қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 7 желтоқсан күні Торговая көшесі, 2А мекенжайы құрылысы Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда

Жәрмеңкеге Успен, Тереңкөл, Аққулы аудандары және басқа ауылдық аудандардың тауар өндірушілері қатысады.

Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының «Народный» базарында және Ақсу қаласының «Ауыл базарында», сондай-ақ облыстың 10 аудандарында ұйымдастырылады.