Павлодарда еріктілер кезбелерді тамақтандырды
Vita ерікілері апта бойы көмек көрсетуді жалғастыруда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Қиын жағдайға түскен, шаршаған адамдардың кейбіреулері мұндай жағдайға өздері кінәлі болса, енді бірі уақытша тап болған, – дейді еріктілер. – Кейде олардың арасында жоғалған адамдарды кездестіреміз.
Vita ұйымы кейбір тұрғындардың теріс көзқарастары мен наразылығына қарамастан, акцияны жалғастыруда. Олар осы аптада кезбелерге бұқтырылған ет пен макарон ұсынды.
Сонымен қатар еріктілер жолда кездесетін жануарларды да тамақтандырады.