Ақтоғай ауданында алғашқы супермаркет ашылды

Ақтоғай ауданында алғашқы супермаркет ашылды
Фото: pixabay.com

Енді ауыл тұрғындары күнделікті тауарды сатып алу үшін қалаға сабылмайтын болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ақтоғай ауданы әкімдігінің мәліметінше, бұл – аудандағы алғашқы супермаркет. Бұған дейін шағын көшеде бір дүкен ғана жұмыс істеген. 

–  «Smail» бір қабатты супермаркетінің аумағы – 220 шаршы метр. Сауда орнын жеке кәсіпкер Күлбарам Жүсіпова ашып отыр. Ауыл тұрғындары бұл жаңалықты қуана қарсы алды, енді олар өздері тұтынатын тауарларды сатып алу үшін алысқа бармайтын болды, – дейді әкімдікте. 

Сауда орнының ашылуы нәтижесінде төрт адам жұмыспен қамтылды. Жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін. Супермаркетте тұтынушылар үшін азық-түлік пен тауарлардың ауқымды түрі ұсынылады. 

Ақтоғай ауданы орталығында тұрғындар саны 5376 адамды құрайды.