Екібастұзда өрт сөндірушілер алты адамды құтқарды
Пәтерде матрац жанды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Екібастұзда Мәншүк Мәметова көшесінде орналасқан бір бөлмелі пәтерлердің қонақ бөлмесінде матрац түтінге оранды. Өртке қарсы қызмет бөлімшелері мекенжайға жедел жетті.
Баспалдақ арқылы өрт сөндірушілердің сүйемелдеуімен бес адам, оның ішінде үш бала құтқарылды. Тыныс алу органдарын қорғау үшін Respi Hood құтқару қалпақшасы қолданылды. Сондай-ақ, түтінді пәтерден 1962 жылы туған ер адам құтқарылды. Оны «103» қызмет бригадасы қарады, ауруханаға жатқызудың қажеті болмады.
Төтенше жағдайлар департаменті келесіні еске салады: өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау — өмір мен денсаулықты сақтаудың кепілі. Өрт көздері мен электр жылыту құралдарын қараусыз қалдырмаңыз, электр сымдарының жарамдылығын қадағалаңыз және түтіннің алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу «101» немесе «112» қызметіне хабарласыңыз.