Екібастұздағы болашақ зауыттың құрылыс алаңына техникалық жол салынады
Жүк көлігі мен құрылыс техникасы қайта құруды қажет ететін негізгі жолға зақым келтірмеуі керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өңірдегі зәкірлік жобалардың бірі – Екібастұздағы ферроқорытпа шығаратын зауыт қала әкімі Аян Бейсекин мен Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың бақылауында.
Құрылыс алаңында іргетасы қаланып, мемлекеттік бюджет есебінен инженерлік инфрақұрылымды орнату мәселесі пысықталуда.
– Инвестиция көлемі – $1,7 миллиард теңге. Жобаны жүзеге асыру барысында кемінде 500 уақытша жұмыс орны, ал жүзеге асырылғаннан кейін 2000-ға дейін тұрақты жұмыс орны ашылады, – деді Аян Бейсекин. – Біз қазірдің өзінде оқу орындарымызбен кадр даярлау мәселесінде ынтымақтастықты бастадық.
Екібастұз қаласының әкімі Қазақстан Президентінің 2022 жылы Корея Республикасына сапары барысында стратегиялық серіктестік пен ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар маңызды меморандумдарға қол қойылғанын еске салды. Солардың бірі – әлемдік нарықта сұранысқа ие өнімді шығаруға мүмкіндік беретін экологиялық таза металлургиялық кластер Mineral Product International.