Павлодарда Қала күні қарсаңында сегіз тұрғын марапатталды

Павлодарда Қала күні қарсаңында сегіз тұрғын марапатталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Қаланың дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі қоғамның түрлі саласында еңбек етіп жүрген павлодарлықтарға табысталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала күні қарсаңында Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков көп жылғы адал еңбегімен және белсенді қоғамдық қызметімен облыс орталығының дамуына елеулі үлес қосқан тұрғындарды марапаттады.

«Қаланың дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен «АЗА» ЖШС директоры Гнел Акопян, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс маманы Галия Камитова, ҚР ІІМ ардагері Сағындық Қапаров, «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» КМҚК бөлім меңгерушісі Ахметуәли Қапашев, Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ардагері Лариса Кузьменкова, облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы медициналық бөлім жөніндегі басшының орынбасары Ирина Мищенко, Павлодар қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Берегиня-БИО» қоғамдық қорының жетекшісі Татьяна Пономарёва және ҚР ІІМ құрметті ардагері, Павлодар қаласы ішкі істер органдары ардагерлері қалалық кеңесінің төрағасы Азат Сейлханов марапатталды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, марапат иелері Павлодардың әлеуметтік-экономикалық дамуына, білім беру мен денсаулық сақтау салаларының өркендеуіне, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, қоршаған ортаны қорғауға және қаланың қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан.