Екібастұздық футболшының Шымкенттегі мансабы аяқталды

Екібастұздық футболшының Шымкенттегі мансабы аяқталды
Фото: olympic.kz

Сәтсіз маусымнан кейін оңтүстік мегаполисте қайта құру басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Премьер-лига чемпионатының қорытындысы бойынша 2023 жылғы алтын медаль иегері шымкенттік «Ордабасы» жеңіс тұғырынан тыс қалды. Қорытындылар бірден жасалды. Клуб құрамын тазартуға маусым аяқталмастан кірісті, қазіргі құрамның тоғыз ойыншысы Шымкенттен кетті.

Олардың қатарында павлодарлық «Ертіс» түлегі, Екібастұз қаласының тумасы Максим Федин де бар. Футболшы 2022 жылдан бері шымкенттік командада ойнап келген. Биылғы маусым 28 жастағы вингер үшін сәтті шықпады: футболшы барлық турнирлерде 16 матч өткізді.

Максим Федин «Ақтөбе», «Тұран», «Қайсар», «Атырау», «Тобыл» және Қазақстан құрамасы сапында да өнер көрсетті. Футболшы еліміздің бас командасының жейдесін 18 рет киіп, бір матчта гол соққан.

Одан бөлек, «Ордабасы» қақпашы Сергей Игнатович, Всеволод Садовский, Айбол Әбікен және басқа да танымал ойыншылармен қош айтысты.