Екібастұздық оқушыны өлтірген азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Үкім жарияланғаннан кейін ол сот залында өз қолын кесіп жіберді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысында жеті жасар Милана Давыдованы айуандықпен өлтірді деп айыпталғандарға жаза тағайындалды. Іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
Сотталушылар мектеп оқушысының анасы мен әйелдің көңілдесі болып шықты. Екеуі де өз кінәсін мойындамай, өкінген жоқ. Алайда, ер адам өз куәлігінде қызды анасы бірнеше рет ұрған соң белдікпен тұншықтырып өлтіргенін, содан кейін оқушы қыздың денесін жасырып, тергеушілерге нақты қай жерде екенін көрсеткенін айтқан. Істе куәгер - Милананың інісі де бар. Оның көз алдында анасы мен сүйіктісі әпкесін өлтірді. Давыдова мен Әбілдинов баладан қылмыс туралы үндемеуді талап етті, әйтпесе зорлық көрсетеміз деп қорқытқан.
– Әбілдинов ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының үшінші бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Давыдова да кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылсын, - деді қазы Нұрлан Қайырбеков.
Әбілдинов 1991 жылдан бері ұрлық жасағаны үшін тоғыз рет сотталған. Ол жазасын төтенше жағдайдағы күзет мекемесінде өтейтін болады. Сонымен қатар, ер адам ішімдік пен нашақорлықтан емделеді.
Сот залында үкім жарияланған соң Әбілдинов тамырын кеспек болған. Оны дәрігерлер тексерді, бірақ ауруханаға жатқызу қажет болмады.
Ең ауыр жаза өлтірілген Милананың анасына берілді. Қазақстанда әйелдер өмір бойына бас бостандығынан айырылмағандықтан, Давыдова 20 жылын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өткізуге мәжбүр болды. Әйел өмір бойы ұстаздық қызмет атқара алмайды, он жыл баламен жұмыс істей алмайды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.