Екібастұздың ауылдық аймағында сарай отқа оранды
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға бүгін кеште болған.
- 11 шілде күні сағат 17:40-те 112 пультіне Екібастұз қаласы, Байет ауылдық округіне қарасты Атығай ауылында аулалардың бірінде сарай өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу төрт қызметкер мен бір техника жіберілді, - делінген хабарламада.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенде ағаштан салынған сарайдың жалпы ауданы 1,5 шаршы метр және ағаш қоршау 3 шаршы метр жанып жатқан.
Өрт сөндірушілердің күшімен тілсіз жау 17:46-да оқшауланып, 17:50-де жойылды.
Зардап шеккендер жоқ. Себебі мен шығыны анықталуда.