Петропавлда Павлодар тұрғыны жоғалып кетті

Петропавлда Павлодар тұрғыны жоғалып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

48 жастағы ер адам Солтүстік Қазақстан облысына барған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Әділхан Жүсіпов 1975 жылы туған. Оның хабар-ошарсыз кеткеніне 10 күн болған. Белгілері: бойы – 160-165 см, дене бітімі арық, шашы қара, көздері қоңыр, – деп жазылған LIDER.KZ еріктілер қозғалысының хабарламасында.    

Оны көрген немесе қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат болса, +7-747-628-35-51, 8-747-810-09-50 немесе 102 телефондары арқылы хабарласуды сұрайды.