Екінші Павлодарда онға жуық көшеде жарық болмайды

Екінші Павлодарда онға жуық көшеде жарық болмайды
Фото Константин Шелков

Оған электр желісіндегі жөндеу жұмыстары себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі мәлімдеді. 

1 қараша күні сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін келесі мекенжайларда электр қуаты берілмейді:

- Геринг - Запорожье - Щедрин – Целинная;

- Нұрмағамбетов - Вс. Иванов - Аймауытов – Кисловодская;

- Геринг - Омбы - Нұрмағамбетов – Комсомол көшелерінің аумағындағы тұрғын үйлер уақытша жарықтан ажыратылады.

Бұдан бөлек, электр желісіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты ертең сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Катаев көшесі, 46 үй мен Хромзавод және Лесозавод шағын аудандарындағы тұрғын үйлер де электр қуатынан ажыратылады.