Павлодарлықтар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін өз қалауы бойынша таңдайды
Ол үшін белгілі бір соманы төлеу міндетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Polisia.kz ақпараттық медиа-порталдың мәліметінше, халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында кез келген қалаған әріптік және цифрлық белгілеуі бар МТНБ-ні еркін таңдауды көздейтін нормалар әзірленді.
– Азаматтар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгіні таңдау үшін 5 қаңтардан бастап ХҚКО арқылы қызметке жүгіне алады. Бұл ретте кез келген қалаған әріптік және цифрлық белгілеуі бар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгінің құны 10 АЕК және 15 АЕК мөлшерінде болады, – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.
Сұранысы жоғары МТНБ-лардан басқа, олар үшін жеке мемлекеттік баждар көзделген. Аталған өзгерістер 1 қаңтардан бастап күшіне енді.