Шарбақтыда ел тарихын бейнелейтін көріністер театрандырылды

Шарбақтыда ел тарихын бейнелейтін көріністер театрандырылды

Ауданда Наурыз мерекесі тойланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Тұрғындар назарына қазақ елінің тарихынан сыр шертетін театрландырылған көрініс ұсынылды. Соның аясында ұйымдастырылған сонау Сақ дәуірінен бастап Алаш Орда қайраткерлері, тың игеру кезеңі, егемен ел ұрпақтарына дейінгі көріністі бейнелейтін тарихи шеру көпшілік көңілінен шықты.

Орталық алаңда аудан тұрғындары үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды. Сонымен қатар, шара барысында бір топ азамат «Қазақша күрес», «Қой көтеру», «Арқан тарту» сынды ұлттық ойындарға қатысып, ақшалай және бағалы сыйлықтарға ие болды.

Шарбақтылықтар сондай-ақ, ауданда тігілген киіз үйлерге кіріп, ондағы ұлттық қолөнер бұйымдары мен этно-мәдени бірлестіктердің көрмелерін тамашалады.

Мерекелік шара соңында «Үздік безендірілген ұйымдар» байқауының қорытындысы шығып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.