Елорданың жас IT мамандары павлодарлықтарға сан соқтырды

Елорданың жас IT мамандары павлодарлықтарға сан соқтырды
Фото: Артур Поляков

Жүлдегерлер қатарынан тек бір ғана жергілікті команда көрінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында ұйымдастырылған республикалық хакатонға 100-ден астам адам қатысты. Екі күн ішінде олар жасанды интеллект бойынша бес нақты бағытта жұмыс жасады.  Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 20 команда үш миллион теңгелік жүлде қоры үшін таласты.

Хакатонның үздік жобасын елордалық команда құрды, екінші орынды Алматыдан келген бағдарламашылар алса, Көкшетаудан келген команда үштікті жапты. Екібастұздықтар «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясын жеңіп алды. 

Елордалық команданың айтуынша, оларға банк жүйесін алаяқтар мен хакерлерден қорғай алатын нейрондық желіні құру тапсырма берілген. 

– Бізде код бар, біз құрастырған нейрондық желі бар. Транзакция парағы бар. Мысалы, бір адам бір картаны бір мекен-жайдан отырып, бір телефонды пайдаланып қолданды делік. Кенеттен оның шотынан, мысалы, Нидерландыдан ақша аудару туралы сұраныс түседі. Біздің әзірлемеміз мұны көріп, ақшаның аударуылына жол бермейді, транзакцияны тоқтатады, –республикалық хакатонның жеңімпазы Әділ Алтынбек.

Астанадан келген команда үшін бұл бірінші IT-турнир емес, бірақ олар бұрын ерекше жетістіктерге жетпеген. Әділ Алтынбектің айтуынша, олар қорытынды жасап, тәжірибе жинады, бұл жеңіске жетуге көмектесті. Ақшаны қайда жұмсау керектігін студенттер әлі ойлап тапқан жоқ. Мүмкін, жасаған жобаларын одан әрі дамыту үшін жұмсауды ойластыруда.