Ер адам аулада ұрған: Павлодарда қыз бала ауруханаға түсті

Ер адам аулада ұрған: Павлодарда қыз бала ауруханаға түсті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқиға Айманов көшесінде орын алған, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Әйел адам әлеуметтік желіде сіңлісін  мас ер адамның балалар алаңында  ұрғанын жазған. Зардап шеккке жеткіншектің жасы 12-де. 

– Қыздың бет-аузы көгеріп кеткен. Оны арашалап алған көршілердің айтуынша, басынан төбешікке ұрған.  Басқа да балаларды қорқытқан, – дейді хаттың авторы. 

Облыстық полиция департаментінде аталған факт 26 сәуір күні тіркелгенін хабарлады.

– Оқиға орнына полиция басқармасы Солтүстік бөлімінің учаскелік инспекторы шықты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – деді департаментте. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, өткен тәулікте 2011 жылы туған қыз бала «жұмсақ тіндердің жарақаты» диагнозымен ауруханаға түскен.