Қайтып келем: Павлодарда жоғалған ер адамнан бір айдан бері хабар жоқ
32 жастағы Илья Сагайдак үйінен шығып кеткен күйі қайтып оралмаған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
– Туыстарының айтуынша, ол біраз уақытқа шығып бара жатып, қайтып ораламын деген. Алайда сол кеткеннен бері оны ешкім көрмеген. Іздеу шараларына дереу Vita іздеу ұйымының еріктілері кіріскен, – дейді еріктілер.
Іздеушілер ұйымы бейнекамераларды қарап, орман алқаптарын, құдықтар мен қараусыз қалған ғимараттарды, саяжайларды тексеріп шыққан. Туыстарынан сұрастырған.
Ер адам биыл 23 наурыз күні шығып кеткен. Үстінде сұр куртка, қара джинс шалбар мен кроссовки болған.
Егер де ер адамның орналасқан жері туралы қандай да бір маңызды ақпарат болса, келесі нөмірлер бойынша еріктілерге хабарласуды сұрайды: +7 747 615 55 63 (Катерина), +7 777 334 82 01 (Светлана).