Павлодарда футболшылар арасында төбелес шықты (ВИДЕО)
Полицияға жанжалға қатысушылардан арыз түскен жоқ, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қыркүйекте полицияға Майра көшесі, 49/1 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің жанындағы жанжал фактісі бойынша шақыру түскен.
– Полицейлер бұл күні матч әуесқой командалар арасында өткенін анықтады. Ақсу қаласы мен Павлодар ауылының командалары арасында финалдық ойын өткізілді. Футбол ойыны барысында екі команданың ойыншылары арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласты. Аталған факті Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімінде тіркелді, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.
Тексеру нәтижелері бойынша 1996, 1994 және 1993 жылы туған үш қатысушы құқық бұзушылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар сотқа қарау үшін жіберілді.
Спорттық іс-шараны өткізу тәртібін бұзғаны үшін турнирді ұйымдастырушыларға қатысты материал ҚР ӘҚБтК-нің 488-1-бабы бойынша жауапкершілікке тарту мақсатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына жіберілген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram