ERG Service Павлодар облысында оқушылардың жобаларына қолдау көрсетті

ERG Service Павлодар облысында оқушылардың жобаларына қолдау көрсетті

Бұл жобалар экологиялық проблемалармен күресуге бағытталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Сондай-ақ жастар «Берегиня-Био» қоғамдық қорымен бірлесіп, аллергия тудыратын «бөтен өсімдіктермен» күресе алады.

Сарапшы, биолог және «Берегиня-Био» қоғамдық қорының жетекшісі Татьяна Пономарева қалалар мен ауылдардан мектеп оқушыларын әлемнің, еліміздің және туған өлкесінің экологиялық проблемалары бойынша жобалар байқауына жинады. Экологиялық бастаманы бірнеше жылдан бері қоршаған ортамыздың мәселелерге назар аударып келе жатқан ERG Service қолдады.

Ғылыми сайысқа 41 мектеп қатысып, оның 21-і финалға жетті. Құрылыс бағытында биоматериалдарды қолдану жобасымен Абай атындағы №10 мектеп-лицейі жеңімпаз атанды.

– Жобаның тақырыбын өзім таңдадым. Батыс Қазақстанда биоматериалдар белгілі бір өсімдіктерден жасалады. Мен жобаны ағылшын тілінде қорғадым, бұл біздің мектептің ерекшелігі және мен үшін эксперимент болды, – деді жеңімпаз Ерасыл Рахметолла.

Екінші орын Ертіс ауданы Панфилов атындағы орта мектепке, №40 және №3 мектептерге бұйырды. Үшінші орынға Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп, Атамекен ауылындағы №33 мектеп және №25 мектеп ие болды. Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар сыйлық ретінде әдістемелік құралдары мен табиғатты зерттеуге арналған микропрепараттар жиынтығын алды.

Балалар әлемге әйгілі фильмдерге талдау жасап, жаһандық экологиялық проблемаларды, Тереңкөл ауданындағы Ынталы көлін тайыздандыру және тағы басқа мәселелерді зерттеген. Бірақ Татьяна Пономарева АҚШ-тан келген бөтен өсімдіктер туралы жобасына ерекше көңіл бөлген.

Биолог бұл мәселемен 2008 жылдан бері айналысып келеді. Тікенді ошаған тектес циклахена – бұл жергілікті өсімдіктер мен жем-шөп дақылдарын ығыстырып, Ертістің жайылмасында белсенді түрде таралып жатқан арамшөп.

– Бұл адамдарға жаман әсер ететін популяцияның жалғыз түрі емес. Олар аллергия мен демікпе ауруын тудырып, жердің құнарлылығы мен биоалуантүрлілігін азайтып, облыс пен еліміздің экономикасына кері әсер етуде. Сондықтан біз мектептерде экологиялық авангард, яғни қоршаған ортаны жақсарту жөніндегі ортақ мақсатпен біріккен адамдар тобын қалыптастыруды қалаймыз. Бұрын жеткіліксіз болған мәліметтерді бүгінде мектеп оқушылары жеткізіп жатқанынасенімдіміз. Ауыл тұрғындары бізбен бірге инвазиялық өсімдіктермен күрессін деп ауыл мектептерін де қамтыдық, – деп атап өтті Татьяна Пономорева.

Сондықтан «Берегиня-Био» студенттерді «бөтен өсімдіктермен» күресуде олармен бірлесіп жұмыс істеуге шақырады. Жұмыс жазда циклахена және басқа түрлермен химиялық, биологиялық және механикалық күресудің арнайы алгоритмі бойынша жүргізіледі.

ERG Service инженер-экологы Жаңылдық Жылқыбаеваның айтуынша, олар биылғы жылы мектептерді қамтуды арттырды.

– Біздің компания бірнеше жылдан бері экологиялық мәселелерге назар аударып келеді, – деді эколог. – Жастар алған білімдерін тек осы жобаларда қалдырмай, арттырып, одан әрі насихаттайды деп сенемін.

Алдағы уақытта ERG Service экологиялық білім беру ұстанымын нығайту үшін өскелең ұрпақпен жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр.

Жарнамалық материал