Ертіс өзені арқылы тартылған электр желілеріндегі ақаулар квадракоптермен анықталады

Ертіс өзені арқылы тартылған электр желілеріндегі ақаулар квадракоптермен анықталады

7,5 миллион теңгеге сатып алынған заманауи құрылғы 10 шақырымға дейін ұша алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұрын Ертіс өзені арқылы өтетін электр желілерін әуеден бақылауға мүмкіндік болмады. Биыл «Павлодар электржелілік тарату компаниясы» АҚ DJI Matrice M 30T маркалы квадракоптер сатып алды. Оның көмегімен авариялық ажыратулардың себебін және орнын жедел анықтауға болады. 

– Сертификат берілді. Енді тіркеу нөмірін алу ғана қалды. Содан кейін желілерді әуеден тексере аламыз, – деді компанияның жөндеу басқармасының бастығы Иван Миронец.

Квадракоптер бұрыштық камералармен, алты датчик және тепловизормен жабдықталған. Оның ұшу қашықтығы 10 шақырымға дейін барады, ал ұшу биіктігі – 5 шақырым. Қуаты да ұзаққа жетуге қол жеткізеді. Квадракоптерде 42 минут уақытқа есептелген екі батарея бар.

– Жаңбыр жауса да, жел соқса да биіктен желілерді бақылауға болады. Ауа температурасы -20 мен +50 градусты көрсеткен кезде ұша алады. Мысалы, Ертіс жайылған кезде техникамен өте алмаймыз. Ал осындай құрылғымен жұмыс істеу өте ыңғайлы, – деді жоғары вольтты желілер қызметінің бастығы Токатов Василий.

7,5 миллион теңгеге квадракоптердың құны ғана емес, онымен жұмыс істейтін маманды оқыту да кіреді. 

– Қыр далада бірнеше шақырымға тартылған желілер бар, сондықтан оларды жаяу немесе көлікпен қарау әлдеқайда ұзағырақ болады. Ал енді қуатты камераларымен жабдықталған квадракоптермен, техниканы айдаудың және адамдарды жұмылдырудың қажеті жоқ. Оның көмегімен суретке түсіріп, бейне жаза аламын. Одан кейін тікелей материалдарды базаға жіберіп, қызметкерлермен байланысамын, – деді Токатов Василий.

Оның сөзінше, жылына бір рет жоспарлы түрде барлық желілер тексеріледі.  Сондай-ақ, көктемде су тасқыны алдындағы тексерулер де жүргізіледі.