Ертіс ауданында ер адам үйінде заңсыз алкоголь сатумен айналысқан

Ертіс ауданында ер адам үйінде заңсыз алкоголь сатумен айналысқан
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол айыппұл төледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 61 жастағы жергілікті тұрғын лицензиясы жоқ және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген күйде өз үйінен алкоголь өнімін бөлшек саудада сатқан.

– Тексеру барысында оның шыны бөтелкедегі, 40% спирттік ішімдікті сатқаны анықталды. Бұл факті бойынша іс сотқа жолданып, Ертіс аудандық сотының қаулысымен азамат кінәлі деп танылып, 41 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды, – деді департаментте.

Полиция алкоголь өнімдерін арнайы рұқсат құжаттарынсыз сату заңнамасын бұзу екенін ескертеді.