Ертіс ауданында су құбыры коммуналдық меншікке алынады
Ол үшін Жол картасын әзірлеу тапсырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов «ҚазСуШар» РМК Павлодар облысы филиалының басшылығымен бірге Ертіс ауданына жұмыс сапарымен барды.
Жұмыс сапары барысында Беловод топтық су құбырының меншігіндегі техникалардың жай -күйімен және жұмысымен танысып, қызметкерлердің ұсыныс-пікірін тыңдады.
– Беловод топтық су құбырын коммуналдық меншікке алу мәселесі бойынша жиналыс өткіздім. Оның қорытындысы бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысына коммуналдық меншікке алу бойынша Жол картасын әзірлеуді тапсырдым, – деді Серік Батырғожинов.
Сонымен қатар, ол Ертіс ауданы әкімдігінің «Ертіс-ауызсу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына барды.