«Ертіс орманы» резерватында бүршік жинау басталды

«Ертіс орманы» резерватында бүршік жинау басталды
Фото: «Ертіс орманы» резерваты

Орманшылар 76 мың келі қарағай тұқымын жинауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

– Қорық инспекторлары табиғат байлығын қорғау мақсатында үлкен жұмыс атқаруда. Бүршік жинау науқаны – ормандарды қайта қалпына келтіріп, экожүйені сақтау үшін аса маңызды қадам. Себебі, орман – тіршілік көзі, ауа тазалығы мен су ресурстарының кепілі. Ал тұқымдар – жаңа ағаштардың негізі. Болашақ ұрпақ үшін жасыл әлемді сақтау – біздің міндетіміз, – дейді резерватта. 

Сондай-ақ қорықта 2024 жылғы 1 желтоқсан - 31 желтоқсан аралығында жас қылқан жапырақты ағаштарды қорғау мақсатында «Шырша» табиғат қорғау акциясы басталғанын хабарлайды.  

Акция аясында құқық қорғау органдарымен бірлескен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, негізгі жолдарда тәулік бойы күзет жүргізілетін арнайы бекеттер орнатылады.

Егер де заң бұзушылықтың куәсі болған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарлауға болады: 8 (7182) 78-77-32, 102.