«Ертіс» Робин Гуд болғысы келмейді

«Ертіс» Робин Гуд болғысы келмейді
Фото: автор

Павлодарлық футболшыларды өте қиын кездесу күтіп тұр. @Pavlodarnews.kz тілшісі ойыншылардың қиындықты еңсеруге қалай дайындалып жатқанын көрді.

«Ертіс» футбол клубының баспасөз қызметі журналистер үшін ашық оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырып, оның барысында БАҚ өкілдері бас бапкер Ринат Әлеуетовке сұрақ қоюға мүмкіндік алды. Бес дүркін чемпиондардың бапкері негізгі құрамның тұрақсыздығы мен қорғаныс шебіндегі тәжірибелер туралы сұраққа ашық жауап берді. Ол соңғы матчта қорғаныс орталығында ойнаған Әділхан Добай мен Артем Попов негізінен орталық қорғаушылары емес екенін мойындады. Дей тұрғанмен, бапкердің бұл мәселеде өзіндік көзқарасы бар болып шықты.

– Біз ізденудеміз. Тіпті тәжірибе жасауға тура келген сәттер де болды, өйткені біз бәрін нөлден бастап жасаймыз. Жылдың басында жаттығу жиынында соның бәрін жасауға болатын еді. Қазіргі уақытта Добай – Поповтың жұбын сынап көрдік, ол жақсы көрінеді. Сондықтан біз қазір бұл жігіттерді алаңның ортасында ойнатудамыз. Өткізілген голдар бойынша да турнир кестесін алып қарасаңыз, біз сегіз гол жіберіп алдық, яғни барлығын дұрыс жасап жатырмыз, – дейді Ринат Әлеуетов.

Команданың бас бапкері алматылықтар өз қақпасына гол соқпағанда, «Қайрат» жастары «Ертіске» қиындық тудыруы мүмкін еді деген пікірмен келіспейді. Оның ойынша, «Ертіс» рейсінің екі сағатқа кешігуіне байланысты бастапқы минуттарда алаң иелері біраз қысым көрсетті.

– Алматыда ойнау қашанда қиын, өйткені ол орта  – таулы аймақ. Қарсылас команда алғашқы минуттардан кейін бізге ондай ештеңе жасамады. Біз ойынды кейінірек талдадық, автогол – біздің комбинацияларымыздың салдары: біз ойынды өз мақсатымызға қарай бұра алдық, тиісінше Тамер Ағыманов одан талап етілгенін орындады, – дейді жаттықтырушы.

Павлодарлықтар әзірге лиганың бірде-бір көшбасшы командасын жеңе алған жоқ, ал «Шахтерге» қарсы кездесу олардың негізгі бәсекелестеріне қарсы өз алаңындағы соңғы ойыны. Павлодарлықтар барлық амбицияларына қарамастан, өз алаңында және жанкүйерлері алдында бір емес, бірнеше рет жеңіліс тапты, сондықтан «Ертіс» ойыншылары өз көрермендері алдындағы жауапкершілікті толық түсінеді ме деген орынды сұрақ туындайды.

- Мұнда келген барлық ойыншылар мұнда не үшін келгендерін түсінеді. Біздің команданың жартысынан көбі Премьер-лигаға өтті. Сондықтан бізге жетіспейтін жалғыз нәрсе – командалық жұмыс. Енді, менің ойымша, біз біршама тұрақтылық орнаттық. Әрине, команданы нөлден алып, нәтиже жасау қиын. Соңғы екі матчты бірдей дерлік құрамда ойнадық. Барлығы бәрін жақсы түсінеді. Оның үстіне Павлодар – жанкүйерлері мен басшылығы өте талапшыл қала. Менің ойымша, ұпай беруді тоқтатып, Робин Гуд сияқты болудың уақыты аяқталды. Яғни, бұл ойынды біз өзімізді дәлелдейтін, мықты жақтарымызды көрсететін сәт деп санаймыз, - деді жаттықтырушы.

«Ертіс» - «Шахтер» кездесуі 1 тамыз күні Павлодар қаласының орталық стадионында өтеді. Басталуы сағат 19.00, кіру тегін.