Ertis Promenade-тағы концертте он алты бала ата-анасын таппай қалды

Ertis Promenade-тағы концертте он алты бала ата-анасын таппай қалды

Павлодардың орталық жағалауында қоғамдық тәртіпті полиция күзетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, концерт кезінде 16 бала жоғалып кеткен. 

- Балалардың ата-аналары анықталып, өздеріне табысталды, - деді департаменттің баспасөз қызметінде. 

Сонымен қатар, жағалауда түнгі сағат 23:00-ден кейін балалардың заңды өкілінсіз жүргені үшін ата-аналарына ҚР ӘҚБК 442-бабы бойынша 11 әкімшілік хаттама толтырылды. 

Еске салайық, Ertis Promenade сахнасындағы маусымның ашылуына 40 мыңға жуық адам жиналды. 

Концертте отандық эстрада жұлдыздары Ерке Есмахан, Райм, Еркеш Хасен өнер көрсетті.