Павлодар облысында ауқымды дезинсекциялық іс-шара басталды
Жауапты басқарма облыс әкіміне есеп берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Энтомологтар жағалау аудандарында 1 шаршы метрде 200-ден 500-ге дейін дернәсілдердің бар екенін анықтады. Алайда, қазір дернәсілдердің даму қарқыны ауа температурасының төмендеуіне байланысты біршама төмендеді.
Сонымен қатар, ғылыми топтың ұсынымдарына сәйкес 27 сәуірден бастап өңірде «Бактицид» биологиялық препаратымен әуеден өңдеу жұмыстары басталды.
Бүгінгі таңда ұшақтар 61 рет әуеге көтеріліп, Павлодар қаласының, Ақсу қаласының, Павлодар 24 мың гектар жайылым алқабын өңдеді. 4 мамыр күні 24 рет ұшу жоспарланған. Бұған қоса Ақтоғай, Ертіс және Тереңкөл аудандарында жаяу өңдеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, мамандар 25 сәуірден бастап облыс орталығындағы «Металлург», «Яблонька», «Реченька» саяжайларының су тоғандарын, сондай-ақ, «Металлург» саябағын және Зеленстрой мен Жаңаауыл шағын аудандарын дезинсекциялауға кірісті.
25 сәуірде Екібастұздағы 9 су тоғанының 3-ін өңдеу басталды. Мұнда өңдеу аумағы 10 000 гектарға дейін ұлғайтылды. Шідерті кентінде алғаш рет дезинсекция жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Ақсуда қалалық мердігермен АФЗ, МАЭС және мұнай базалары аудандарындағы су тоғандары өңделді.
Барлық үш қалада көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелеріне бастапқы өңдеу жүргізілді.
Май және Аққулы аудандарында жұмыстар 25-і мен 30-шы сәуірде басталды. Железин ауданы бойынша қазіргі уақытта өңдеуге көрсеткіштер жоқ.
Облыс әкімі жақында Ертіс жайылмасын тікұшақпен аралау барысында Шүлбі су қоймасынан жіберілген судың көлемін қадағалауды тапсырған болатын. Жиналыста табиғатты қорғау мақсатында жіберілген судың соңғы кезеңі атап өтілді: жоспарланған 6,2 км3-тен іс жүзінде 6,1 км3 су жіберілді. Ертістің төменгі ағысында жіберілген судың негізгі кезеңі әлі өткен жоқ, орта есеппен су деңгейінің көтерілуі тағы 40-50 см аралығында болады деп болжануда.
Май ауданы мен Аққулы ауданында өзеннің арнасына түсуі 6-8 мамырда, Павлодарда 17-18 мамырда, өңірдің солтүстік бөлігінде 22-23 мамырда деп болжануда. Алдағы 3-5 күнде су айдындарының бөлінуі күтілуде.
Шіркей дернәсілдерінің даму фенологиясы өзен арнасына түскеннен кейін басталады, шіркейлерді алғашқы өңдеу жұмыстары шамамен 16-17 мамырдан басталады.
Өңір басшысы жиналған су тоғандарында, өнеркәсіптік кәсіпорындардың суды жинайтын орындарында, сондай-ақ, Сарымсақ, Былқылдақ көлдерінде, Батырмол ауданындағы және Усолка бөгеті бұзылғаннан кейін су жиналған учаскеде сары масалардың «инкубаторларының» болуына назар аударуды тапсырды.
Сондай-ақ, облыс әкімі су тоғандарының жағасындағы шөп пен қамысты уақтылы шабуды ұйымдастыруды және шағын қазаншұңқырларды жабуды талап етті.