«Ертіс» басшылығы футбол жанкүйерлерін қуантпақ
Клуб өкілдері команданың наурызда Павлодарда ойнаймайды деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ертіс» футбол клубының директоры Төлеген Қаржаспаев команданың орталық стадионындағы алаңның жағдайына байланысты Қазақстан Премьер-лигасындағы өз алаңындағы алғашқы матчын сыртта өткізетіні туралы қауесеттерді жоққа шығарды.
- Команда алғашқы матчын Шымкентте «Ордабасыға» қарсы өткізеді, ал 14 наурызда «Ертіс» Павлодарда «Атырауды» қабылдайды, бұл шүбәсіз, - деп сендірді клуб директоры. – Әрі қарай Петропавлға сапар жоспарлануда, ал 4 сәуірде біздің командамыз Өскеменнің «Алтайын» қабылдайды.
Павлодарлық команданың бұл матчты да өз стадионында өткізіп, жанкүйерлерін қуантуы ықтималдығы жоғары. Осыдан кейін Павлодар стадионы жөндеу жұмыстарына жабылуы мүмкін, дегенмен мұнда да әртүрлі варианттар бар. Барлығы Қазақстан футбол федерациясының лицензиялау департаментінің шешіміне байланысты.
Естеріңізге сала кетейік, бес дүркін Қазақстан чемпионы 2020 жылы қаржылық қиындықтарға байланысты чемпионаттан шететтілді, содан бері клуб іс жүзінде жұмысын тоқтатты. Дегенмен, облыс әкімі Асайын Байхановтың бастамасымен және қамқор жандардың қолдауының арқасында клуб толығымен қайта жанданды.
2024 жылы «Ертіс» Екінші лигада жеңіске жетті, ал өткен жылы Бірінші лигада жүлделі орынға ие болды. Осының арқасында команда алты жылдан кейін элиталық дивизионға оралды.