Павлодарда құрылыс алаңындағы үйінділер астында адамның денесі табылды
Іздестіру жұмыстарына кинологтар тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, кинологиялық есептеулер және құтқарушылар апаттық-құтқару жабдықтары мен тепловизорді қолдана отырып, құлау салдарынан жоғалған адамның жерін анықтады.
Іздеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін таңертең сағат 04:31-де құтқарушылар мәйітті үйінділердің астынан тауып алып шықты.
Еске сала кетейік, 7 қараша күні сағат 17:10 шамасында, Павлодар қаласындағы Каз. Правда көшесінде орналасқан құрылыс алаңында — әкімшілік ғимаратты жеке мектепке бейімдеу мақсатындағы қайта жаңарту жұмыстары кезінде - төбе жабындысының құлау фактісі тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, 1967 жылы туған ер адам үйінді астында қалған еді.