Екібастұзда облыстың үздік спикерлері анықталды
Дәстүрлі іс-шараға 72 оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы мен Ж. Тәшенев атындағы жалпы орта білім беру мектебіндегі пікірсайыс турниріне 36 командадан тұратын Павлодар және Екібастұз қалаларының, Май, Шарбақты және Баянауыл аудандары мектептерінің және облыстық мамандандырылған мектептердің: Павлодар қаласының ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебі, «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі, Ы. Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернаты, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының оқушылары қатысты.
Жарыс нәтижесі бойынша үздіктер қатарынаФеризат Алиппайқызы, Нұрай Кәбзәкір, Назым Манай, Дәнел Амирова атанды. Ал ең үздік спикер лауазымына Әмина Әбдікәрім ие болды.
Үздік сындарлы ой номинациясы бойынша «Vision» командасы марапатталды.
Аудандық топтан үшінші орынды «Торнадо» мен «Мұрагер» командасы жеңіп алды. Екінші орынды жастар командасынан «Триумф» командасы иеленсе, «Эспада» командасы жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, Екібастұз мектепшілік пікірсайыс лигасының ұйымдастыруымен өткен жоба жыл сайын облыстық деңгейде ұйымдастырылады.