Успен ауданының кәсіпкерлерін семинарға шақыруда
Қатысушыларға бизнестің қыр-сырлары туралы айтып береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 шілде күні сағат 10:00-де аудандық «Мәдениет үйі» ғимаратында семинар өтеді.
Семинарда: «Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау», «Жобаларды нөлден нәтижеге дейін жылдам іске қосу», «Бизнесті масштабтау: өзін-өзі жұмыспен қамтудан ауқымды жобаға дейін», «Өз ісін ашу кезеңдері», «Бизнес тәуекелдері» тақырыптары талқыланады.