«Жасыл кросс – 2025»: Павлодарлықтар жүгіріс кезінде қоқыс жинайды

Әр командада бес адам болуы керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарда ерекше спорттық-экологиялық акция – «Жасыл кросс – 2025» өтеді. Бұл шараның мақсаты – тұрғындарды салауатты өмір салтына баулу ғана емес, сонымен қатар, табиғатты қорғауға нақты үлес қосуға шақыру.
– Әлемде кең таралған жаңа үрдіс – плоггинг. Ол Швецияда пайда болған және бүгінде көптеген елдерде танымал. Плоггингтің ерекшелігі – қатысушылар жүгірумен қатар жол бойындағы қоқысты жинайды. Осылайша әр қадам табиғатты таза ұстауға бағытталады, – дейді ұйымдастырушылар.
Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қажетті құралдар – арнайы қолғаптар, қоқыс салатын қаптар, жеңіл тағамдар тегін беріледі.
Сонымен бірге, ең белсенділерге сыйлықтар мен мотивациялық марапаттар табысталады.
Шара Усолка шағын ауданы, автокөпір маңында 27 қыркүйек күні, сағат 11:00-де басталады.
Әр командада бес адамнан аспауы тиіс. Қатысушылардың барлығы алдын ала тіркелуі қажет. Тіркелу үшін 10:00-де келу міндетті.
Шараға қатысу үшін мына телефон нөміріне байланысқа шығу жеткілікті: 87002945464