Ертіс тұрғындары табиғи фермерлік өнімдер тұтынады

Ертіс тұрғындары табиғи фермерлік өнімдер тұтынады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауданда дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Тамерлан» әлеуметтік базарында Ертіс ауданының барлық ауылдық округтерінен келген фермерлер тұрғындарға өз өнімдерін нарықтағы бағадан төмен бағамен ұсынды.

 Мұндай дәстүрлі жәрмеңкелер сатып алушыларды көптеп тартады. Өнім алуға тек аудан орталығының тұрғындары ғана емес, көршілес ауылдардың халқы да келеді. Әдетте, түске қарай тауарлардың басым бөлігі сатылып кетеді, - дейді ұйымдастырушылар.

Бұл жолы ет пен сүт өнімдеріне яғни сүт, қаймақ, сары май және күнбағыс майы, жұмыртқаға сұраныс ерекше жоғары болған. Жәрмеңке барысында жергілікті өнерпаздардың қатысуымен өткен концерттік бағдарлама ұсынылды.

Ертісте ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу дәстүрге айналған. Олар жергілікті өндірушілерді қолдауға және тұрғындарды қолжетімді бағамен сапалы өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталады.