«Ертісте» жаңа бапкер тағайындалды
Бұл - оның бас жаттықтырушы ретіндегі тұңғыш тәжірибесі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ертіс» футбол клубы баспасөз қызметінің ресми ақпаратына қарағанда, команданың бас бапкері лауазымына Николай Гавриш тағайындалды. Маман Қарағандыда туған, ойыншы ретінде туған «Шахтерінде», содан соң теміртаулық «Болатта» өнер көрсеткен. Амплуа – қорғаушы.
Ойыншы мансабын аяқтағаннан соң ол «Шахтер» U-17, «Елімай» мен «Жальгиристе» бас бапкер көмекшісі болып істеген. Оның қызмет еткен уақытында литвалық клуб ел чемпионы әрі Кубок иегері атанды. Жаттықтырушының соңғы жұмыс орны – «Екібастұз». Ол онда бас бапкердің ассистенті болды.
Естеріңізде болса, «Ертіс» ел чемпионатының кезекті турында өз алаңында «Елімай» жастарынан күтпеген жерден ұтылды. Келесі күні команданың бас бапкері Сергей Якушин өз орнын босатты.
Жеңілістің салдарынан «Ертіс» Екінші лига Солтүстік-Шығыс конференциясындағы көшбасшылық орнын «Шахтер» жастарына ұстатып берді, қарағандылықтар үш ұпай ұзады.