Ертістің сол жағалауында ірі сүт өндірісі пайда болады

Ертістің сол жағалауында ірі сүт өндірісі пайда болады
Фото: Константин Шелков

Келесі жылы бірнеше ірі инвестициялық жобалар жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың айтуынша,  сүт өндіру көлемі қазірдің өзінде өңдеу қуатының шегіне жетті, ал сүт өнімділігін одан әрі арттыру өңдеу ісін кеңейтуді талап етеді. Биылдың өзінде облыстағы тауарлы сүт фермаларындағы асыл тұқымды мал басы екі мың сиырға көбейді.

– Тиісінше, бұл күніне қосымша 50 тонна сүт, оның барлығы өңдеуді қажет етеді, – дейді Асайын Байханов. – Біз қазір әлеуетті инвесторлармен жұмыс істеп жатырмыз – зауыт сол жағалаудағы аудандардың бірінде: не Ақтоғайда, не Ертісте салынады. Бұл жеке инвестор, фермерлердің бірі болады. Біздің міндетіміз  – олардың басын қосып, инфрақұрылымға көмектесу және мемлекеттік қолдау көрсету.

Сонымен қатар, 2026 жылы Ақсу қаласында картоп чипстерін өндіру жобасын бастау жоспарлануда. Облыс Қазақстандағы барлық картоптың 27 пайызын – жылына 650 мың тонна өндіреді. Қазіргі уақытта жобалау процесі жүріп жатыр.

Келесі жылы бірден үш өсімдік майын өңдейтін зауыт салынады: Шарбақты, Павлодар аудандары мен Қалқаман кентінде. Бұл жерде артық өнім шығару мәселесі де біртіндеп туындап келеді. Аймақ басшысы атап өткендей, майлы дақылдардың үлесі қазірдің өзінде облыстағы барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының 35 пайызын құраса, биылдың өзінде өсім 130 мың гектарды құрады.

Жаңа зауыттар күнбағысты ғана емес, рапс пен зығырды да өңдейтін болады.