Павлодарда жылу есептегіштерді тегін балансқа қабылдау басталды

Павлодарда жылу есептегіштерді тегін балансқа қабылдау басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кондоминиум өкілдеріне әр ЖЕА бойынша жұмыс жобасы, паспорттар мен тексеру сертификаты қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

2025 жылғы 1 шілдеден бастап, «Павлодарские тепловые сети» ЖШС Қазақстан Республикасының «Жылу энергетикасы туралы» заңының 39-бабы 10-тармағына сәйкес, көпқабатты тұрғын үйлерде орнатылған жалпыүйішілік жылу есепке алу аспаптарын (ЖЕА) балансына қабылдай бастады.

Компания мәліметінше, бұл рәсім тегін жүргізіледі. Есептегіштер балансқа өткізілгеннен кейін, олардың техникалық қызмет көрсету, пайдалану және тексеру сияқты барлық шығындары «Павлодарские тепловые сети» ЖШС-нің мойнына жүктеледі.

Қабылдау процесі екіжақты қабылдау-тапсыру актілеріне қол қою арқылы жүзеге асырылады: жалпыүйішілік есепке алу аспаптарын қабылдау-тапсыру актісі және оларды жауапты сақтауға қабылдау-тапсыру актісі. 

Кондоминиум өкілдеріне (ПИК/МИБ) әрбір құрылғы бойынша келесі түпнұсқа құжаттарды дайындау қажет:

  • жылуды есепке алу торабының жұмыс жобасы – 1 дана;
  • аспаптың барлық бөліктерінің паспорттары – 5 дана;
  • есепке алу аспабын соңғы тексеру туралы сертификат – 4 дана.

Қосымша сұрақтар бойынша 8 (7182) 60-65-25, 60-29-11 немесе 62-90-15 телефондары арқылы хабарласуға болады.