Еңбек заңнамасы бұзылды: Павлодарда жалақы қарызы өтелді

Еңбек заңнамасы бұзылды: Павлодарда жалақы қарызы өтелді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жиналған қарыз сомасы 15 миллион теңгеге жеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласының прокуратурасы бұқаралық ақпарат құралдарына жүргізілген мониторинг барысында КМҚК «Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің» дәрігерлеріне жалақы төленбегенін анықтады. 

Жүргізілген талдау нәтижесінде Еңбек кодексі нормаларының бұзылғаны расталды. Мекеменің 57 қызметкері алдында жалпы сомасы 15 миллион теңге көлемінде жалақы берешегі және 1,8 миллион теңге мөлшерінде міндетті аударымдар бойынша қарыз жиналған.

Павлодар облысының Спорт басқармасына енгізілген қадағалау актісі бойынша жалақы және міндетті төлемдер жөніндегі берешек толық өтелді.

Қалалық прокуратура жұмыс берушілерге еңбек заңнамасы талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертед