Граната табылды: Павлодарда тұрғындар эвакуацияланды
Оқиға орнына дереу шұғыл қызметтер жіберілді, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 12 шілдеде сағат 21.43-те полицияға гранатаға ұқсас зат табылғаны туралы хабарлама түскен.
– Аталған зат Н. Назарбаев даңғылы, 20 мекенжайы бойынша орналасқан үйдегі пәтерлердің бірінің жуынатын бөлмесінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде табылған. Сол жерге дереу шұғыл қызметтер жіберіліп, саперлер жұмыс істеді. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілді, – департаментте.
Тексеру барысында бұл Ф-1 оқу гранатасы болып шыққаны анықталды.