Павлодарда жылу трассасындағы өрт сөндірілді

Павлодарда жылу трассасындағы өрт сөндірілді
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Оқиға орнына қосымша екі қызметкер мен бір көлік жіберілді, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 15.35-те Н.Назарбаев даңғылындағы көпірдің артында  жылу трассасындағы  өртті сөндіруге бірден бес қызметкер мен бір көлік жіберілген. 

– Оқиға орнына келген кезде құрғақ шөп пен жылу өткізбейтін құбырлардың қаптамасы жанғаны анықталды. Жылу оқшаулағыш құбырлары қаптамасының жану алаңы 150 қума метрді құрады, – деді департаментте. 

Сондай-ақ 400 шаршы метр аумақта құрғақ шөп пен қоқыс жанған. 

Тілсіз жау сағат 15.57-де оқшауланып, сағат 16.35-те сөндірілді.