Көршілердің тыныштығын бұзған павлодарлық тұрғын айыппұл арқалады

Биыл тыныштықты бұзғаны үшін 2,5 мыңға жуық өңір тұрғыны жауапқа тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2025 жылдың ағымдағы кезеңінде Павлодар облысының тұрғындарына құқықтық тәртіп сақшылары тыныштықты бұзғаны үшін 2426 әкімшілік хаттамалар толтырған.
Жауапкершілікке тартылғандардың негізгі бөлігі таңертеңге дейін көңілді жиындар ұйымдастыратын немесе жеке қарым-қатынасты тым қатты айғаймен анықтайтын көршілер болып шықты. Мысалы, сағат 04:13-те Байзақов көшесіндегі тұрғындар қатты шудан оянды. Төменнен мазасыз көршілер күнделікті дерлік ұрысты бастаған. Созылмалы аурумен ауыратын егде жастағы әйел тұрғындардан бірнеше рет тыныштықты сақтауды сұраған. Бірақ жағдайды бейбіт жолмен шешу мүмкін болмай, ол полицияға жүгінген.
Басқа жағдайда, сағат 04:55-те полицейлердің көмегіне Торайғыров көшесіндегі үйдің тұрғыны қатты шыққан музыкадан есі шығып хабарласқан. Төменгі қабатта тұратын көрші түнде музыканы барынша қатты қосқан көрінеді және мұндай жағдай уақытқа қарамай жиі болады екен. Жағдайды өзара шешу мүмкін болмаған.
Барлық фактілер бойынша полицейлер бес АЕК мөлшерінде айыппұл сала отырып, әкімшілік хаттамалар толтырып, бұдан былай мұндай фактілерге жол бермеу туралы түсіндірме әңгіме жүргізді.
Тәртіп сақшылары азаматтар жұмыс күндері кешкі 22:00-ден таңғы 9:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері кешкі 23:00-ден таңғы 10-00-ге дейін тыныштықты сақтауға міндетті екенін еске салады.