Камералар істемеді: Ақсуда балабақшада ұрып-соғу фактісі расталмады
Тергеуді полиция қызмектерлері жүргізген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Әлеуметтік желіде Ақсу қаласының «Асыл бөбек» арнайы балабақшасында баланы ұрып жатқаны туралы шағым пайда болды. Хабарламаның авторы камералардың жұмыс істемегендіктен, балабақшада балаға дене жарақаттарын кімнің салғаны белгісіз екенін жазды.
Қалалық білім беру бөлімінде камералардың жұмысында ақаулар шыққанын растады. Бейнебақылау камералары үзілістермен жұмыс істеге, шамадан тыс кернеуге байланысты жүйеде ақаулар пайда болды.
– Ақаулар уақытылы жойылды және оны растайтын құжаттар бар, – мәлімдеді бөлім басшысы Қайрат Смағұлов. – Қазір барлық бейнебақылау камералар жұмыс істейді.
Тергеу жұмыстарын Ақсу қаласының полиция қызмектерлері де жүргізген еді. Олар балабақша тәрбиешісіне қатысты «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша әкімшілік материал қозғады, алайда ұрып-соғу фактісі расталмады.
Сондай-ақ, балабақша басшының м. а. да жазаланды. Қалалық білім беру бөлімінің бұйрығымен бейнебақылау камераларының жұмысындағы ақаулар үшін оған сөгіс жарияланған болатын.
Еске сала кетейік, бұған дейін осы балабақшада полиция басқа ұрып-соғу фактісі бойынша тексеріс жүргізген еді. Бастапқыда ата-аналардың бірі балаларға дөрекі қарым-қатынас туралы мәлімдеді, кейінірек басқалары бейнежазбаларды қарап, осындай тағы бес жағдайды байқаған болатын. Нәтижесінде тәрбиеші жұмыстан шығарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті.