Павлодарлық сарбаздар жауынгерлік қару алды

Павлодарлық сарбаздар жауынгерлік қару алды
Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Салтанатты рәсімде жас әскери қызметшілерге қару тапсырылып, алдағы қызметке жауапкершілік жүктелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6679 әскери бөлімінде 2026 жылғы бірінші шақырылымдағы жас сарбаздарға жауынгерлік қару табыстау рәсімі өтті.

Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен өткен салтанатты шарада жауынгерлік ту шығарылып, 156 сарбазға қару тапсырылды. Іс-шараға әскери бөлімнің офицерлері, ардагерлер және өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.қару,

– Күні кеше Отанға адал қызмет етуге ант қабылдадық. Бүгін қолымызға жауынгерлік қару алып тұрмыз. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Енді Ұлттық ұлан қатарында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, ел тыныштығын күзетуге дайынмын, – деді 6679 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Арнұр Бекжігітов.

Жас жауынгерлер Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласынан әскерге шақырылған.

Әскери бөлімнің мәліметінше, сарбаздар өздеріне бекітілген қаруға бір жыл бойы жауап береді. Алдағы уақытта олар Павлодар қаласындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету қызметін атқарады.